22.11.2017, 12:19
Оқылды: 20

Акция барысында екі тұрғынға жұмыс табылды

 

 

«Тең құқық – тең мүмкіндік»дәл осындай атаумен даму мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында Тасқала ауданы орталығында акция ұйымдастырылды.

Аталмыш шараның өтуіне «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы мен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мұрыңдық болды.

 Жиында қоғамдық бірлестіктер мен уәкілетті органдардыңдаму мүмкіндігі шектеулі тұлғалармен тікелей кездесіп, күнделікті кездесетін өзекті мәселелерін талқылауға жағдай жасалды. Қатысқандар өздерін толғандырған сауалдарын ашық қойып, тиісті жауаптарын алды. Өздеріне жұмысқа тұруға көмек көрсетуді сұрай келген тұрғындар, жалпыға ортақ мәселелерді де назардан тыс қалдырмады.

Сонымен қатар, тұрғын үй көмегі мен тұрғын үйге кезекке қою, жолдарды жөндеу жұмыстары, ауыл арасындағы жолақы бағасының өсуі туралы мәселелері көтерілді. Акция барысында екі мүмкіндігі шектеулі тұрғын тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Әсемгүл БЕКЕШЕВА,

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале