20.02.2019, 12:13
Оқылды: 27

Жәнібектегі музейге фортепиано тапсырылды

1952-1985 жылдары Жәнібек ауылындағы Т.Жароков атындағы мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болған, «Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі» белгісінің, «Құрмет белгісі» орденінің иегері Сафия Жаймұханбетқызы отбасындағы қымбат жәдігер - фортепианоны музейге табыстады.

Сафия әженің жұбайы Рахым Тұрғалиев ауданда лауазымды қызметтерде болған. Сафия Жаймұханбетқызының айтуынша, 1967 жылы Рахым аға қыздары Зоя төртінші сыныпта оқып жүрген фортепианоның суретін салып отырғанын көреді. «Жақсы музыкант болуға деген талпынысың болса, арманыңды орындайын» деп Орал қаласынан арнайы тапсырыспен сол замандағы ақша құнымен өте қымбат тұратын осынау музыкалық аспапты алдырып, қызына сыйлаған екен. Сафия әже жарының көзіндей болып жарты ғасыр бойы үйінің төрінде тұрған жәдігердің ендігі жерде музейде тұрғанын қош көріпті.

А.Байбарақ,

Жәнібек ауданы 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале