26.02.2020, 18:26
Оқылды: 91

Жәнібектегі теміржол тұйығына материалдар әкелінуде

Жәнібек ауданының әкімі Азамат Сафималиев Жәнібек ауылының батыс бетіндегі «Теміржол жөндеу» ЖШС-інің Қазталов-Жәнібек РФ шекарасының 53-138 шақырымын күрделі жөндеуге байланысты дайындық жұмыстарымен танысты.

zhanibek 2

Бүгінгі таңда Жәнібек ауылындағы теміржол тұйығына материалдар тасымалданып, әкелінуде. Күні бүгін 16 мың тоннаға жуық қиыршық тастар жеткізіліп, учаске басына тасымалдау жұмыстары жүргізілуде. Жұмысқа жиырмадан астам жергілікті тұрғын тартылған.

Shanibek

– Бұл жұмыстың бастамасы ғана. Әлі де жүк тасымалы, соның ішінде қиыршық тастар тасу жұмыстары атқарыла беретін болады. Аудан басшысы мердігердің өкілімен кездесу барысында жергілікті тұрғындарды жұмыс орындарына бар мүмкіндігінше алуға және олардың жұмыс кезіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жалақыларын уақтылы төлеу сынды мәселелерді талқылап, бұл жөнінде мердігермен ортақ мәмілеге келді, – дейді аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов. Оның айтуынша, сол сияқты Ұзынкөл ауылының қасындағы айналма жолға материалдар тасымалданып, Өнеге ауылына асфальт бетонды зауыт әкелініп, құмды қиыршық тасты құрамалар жеткізілуде.

Ә.ӘБДІЛДАҚЫЗЫ,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале