9.04.2018, 16:26
Оқылды: 32

Жәнібектегі жайылмаларға су жиналды

kanal (1)Жәнібек ауданының Ақоба ауылы аумағында гидроқұрылымдарды қалпына келтіру жұмыстары алғашқы нәтижесін берді. Биыл қар суы жиналып, халықтың шаруасына қолайлы болмақ.

Өткен жылдың маусым айында Жәнібек ауданының Ақоба ауылдық округіндегі жайылымды көлдете суару үшін көктемгі қар суын тоқтату мақсатында Ащыөзек өзенінен Әбділман және Соркөл жайылмаларын реконструкциялау нысанының құрылыс жұмыстары қолға алынды. Оны «УральскСтрой Инвест» ЖШС атқарды.

kanal (4)Қажетті техника мен адам күші тартылып, Әбдіраманда бір, Соркөлде үш участоктің құрылысы қызу жүрді. Әбділман және Соркөл жайылмаларының жағалары кеңейтіліп, плиталар төселіп, дамбалар орнатылды. Каналдар кеңейтіліп, тазартылды, суағызу құрылғылары қондырылды. Құрылыс жұмыстары толықтай аяқталып, нысан пайдалануға берілді. Жоба құны – 393 853 000 теңге. Құрылыс өз нәтижесін берді, қазір қар суы жиналуда.

Асқар Құсайынов,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

kanal (2) kanal (3)

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале