28.03.2018, 14:28
Оқылды: 38

Жәнібектегі жаңа 80 пәтердің құрылысы биыл аяқталады

Биыл Жәнібек ауылындағы құрылысы аяқталатын 80 пәтердің және Ғ.Қараш атындағы №8 үйдің ағымдағы жөндеуі аяқталған соң тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды қоныстандыру жоспарлануда. Бұл туралы Жәнібек аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жарқын Хайырлиев мәлімдеді.

–Қазір «Тұрғын үй қатынастары» Заңының талаптарына сай тұрғын үй кезегіндегі азаматтардың құжаттарына түгендеу жұмыстары жүргізілуде,-дейді аталған бөлім басшысы өз сөзінде.

                                                                                      Н.Өтей

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале