7.02.2018, 17:04
Оқылды: 25

Жәнібектегі жаяулар ең көп жүретін көшелерге тротуар салынды

Жәнібек ауылының Д.Нұрпейісова және М.Мәметова атындағы көшелерге былтыр ұзындығы 1,4 шақырым тротуар салынып, пайдалануға берілді.

Бүгінгі таңда ауыл ішіндегі тротуарлардың ұзындығы 7,5 шақырым. Биыл тағы да 12 көшеге жалпы ұзындығы 9480 метр тротуар тарту жоспарлануда. Сондай-ақ орталық алаңға өрнектас төсеу, 3 көшенің жолын асфальттап, 4 көшенің жолына қиыршақ тас төсеу және Д.Нұрпейісова атындағы көшеге балалар ойыны мен спорт алаңын салуға жобалық-сметалық құжаттары дайындалуда.

                                                                              Н.Өтей

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале