19.05.2017, 11:23
Оқылды: 45

Жәнібектегі «Жолда қабылдау»

Janibek jolda kabildau  Жәнібек ауылында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Асхат Молдағалиев пен Жәнібек аумақтық сот актілерін орындау бөлімінің басшысы, мемлекеттік сот орындаушысы Қуаныш Абдуллин «Жолда қабылдау» акциясын өткізді.


   Тұрғындарға құқықтық көмек көрсету, ҚР «Жол қозғалысы туралы» Заңына толықтырулар мен өзгертулер енгізілгендігі жөнінде тұрғындарға түсіндіру жүргізуді көздеген акцияға аудандық ішкі істер органының ардагері Бекет Әліпқалиев, аудан прокурорының аға көмекшісі Асыланбек Қабдрахимов та қатысты. Қабылдауға келген аудан тұрғындары сауалдарына нақты жауап алды. Сонымен қатар жол қозғалысы кезінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жайында да насихат жұмыстары жүргізіліп, тұрғындарға жадынамалар таратылып, құқықтық кеңес берілді.

Арайлым КЕСЕКОВА

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале