31.03.2017, 11:46
Оқылды: 27

Жәнібектен 33 адам кәсіптік оқуға жолданады

Жәнібек ауданында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының»  бірінші бағыты бойынша  ауданда бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен, қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.

Аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Нұрпейіс Елемесовтың айтуынша,  қысқа мерзімді кәсіптік оқу бойынша биылғы қаңтар-ақпан айларында аудандағы мүдделі жұмыс берушілердің қажетті мамандықтарға деген сұраныстары зерттеліп, жинақталған. Соған сәйкес қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 33 адам жолданады. Өтініш білдірушілер 12 мамандық бойынша оқытылады. Мәселен, бір айлық оқуға 5 аспазшы, 3 шаштараз, 2 тігінші, 1 киім пішуші, 1электрик, 1 іс қағаздарын жүргізуші, 1ЭЕМ операторы, 2 газ оператор, 2 слесарь, 2 есепші жолданса, үш айлық оқуға 10 тракторшы мамандығына жолдама беріледі. Ал алты айлық оқуға 1токарь, 2 ветеринарлық фельдшер мамандықтары жоспарлануда. Қысқа мерзімді кәсіптік оқуға ауылдық округтердегі 29 жасқа дейінгі жастар, жұмыссыздар және өзін-өзі жұмыспен қамтушылар қатыса алады. Бағдарламаға қатысушылардың оқуына стипендия төленіп, жол жүру ақысымен қамтамасыз етіледі.

                                                                                     Нұрымбек Жапақов

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале