23.08.2017, 16:11
Оқылды: 23

Жәнібектік 35 маман жұмыс тапты

Жәнібек аудандық мәдениет үйінде аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы мен аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйытқы болуымен «Нұр Отан» партиясының «Сәтті қадам» жобасы ауқымында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді.


Жәрмеңкеге 22 жұмыс беруші мекеменің өкілдері қатысып, 50 бос жұмыс орны ұсынылды. Аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының бас маманы Бейбарыс Мұхтаровтың бізге берген мәліметінше, жәрмеңке қорытындысында 35 жас маман тұрақты жұмыс орнын тапқан.

Н.Өтей

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале