27.04.2018, 10:45
Оқылды: 23

Жәнібектік ардагерлер командасының спортшылары жүлдегер атанды  

 

Таяуда Орал қаласында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, жерлесіміз Мұстақым Ықсановты еске алуға арналған волейболдан ардагерлер командалары арасында Батыс Қазақстан облысының ашық турнирі өткізілген-ді.

Оған Орал, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Хромтау қалаларынан және облысымыздың аудандарынан барлығы 12 құрама команда қатысқан екен. Байрақты бәсекеде жерлестеріміз аталмыш қалалардың азулы командаларына дес бермей, өрнекті ойын көрсете білген. Алға тек Ақтау, Орал қалаларының командаларын жіберіп, жүлделі үшінші орыннан көрінген.

«Турнир жоғары деңгейде өтті. Біз де жақсы дайындықпен бардық. Жарыс барысында біздің команданың сапында бүгінде Орал қаласында қызмет атқарып жүрген Қазбек Меңеев, Абылай Төрешов, Бауыржан Камалитденов сынды жерлестеріміз де өнер көрсетті. Турнир қорытындысында үшінші орын алған біздің командаға дипломға қоса, екі кубок, сонымен қатар бағалы сыйлықтар табыс етілді. М.Ықсанов атындағы облыстық қоғамдық қордың төрағасы Асқар Атаев та біздің командаға қордың атынан алғыс хат табыстады. Кейін екі кубоктың бірін облыстық тарихи-өлкетану музейінің Жәнібек аудандық филиалына,екіншісін М.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжіне, шаңсорғышты аудандық ардагерлер үйіне, мультиварканы ардагер спортшы Тельман Ғұсмановқа естелік ретінде сыйға тарттық»,-дейді аудандық мәслихаттың хатшысы Тахир Қадимов.

А.ЕСІРКЕПОВ

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале