23.05.2017, 11:52
Оқылды: 65

Жәнібектік дзюдошылардың жетістігі

Janibek dziudoshilardin jetistigi  Бөрлі ауданы, Ақсай қаласында дзюдо күресінен халықаралық жарыстың жеңімпазы, бірнеше дүркін облыс чемпионы Жангелді Қисметовты еске алуға арналған облыстық ашық турнир өтті.


  Жарыста Қызылорда, Атырау, Орал және Ресей Федерациясының Орынбор қалалары мен бірнеше аудандардың командалары өнер көрсетті.

   Аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің бапкері Сырым Байсов жаттықтыратын жәнібектік жас палуандар аталмыш жарыстан жүлделі оралды. Атап айтсақ, Әлімжан Жұмағалиев (42 келі) пен Айдар Есболатов (38 келі) екінші орынды иеленсе, Әлижан Рахмушев (26 келі) үшінші орынды місе тұтты.

Д.ЗЕННАТ

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале