25.05.2020, 17:22
Оқылды: 752

Жәнібектік екі тұрғыннан коронавирус анықталды

Жәнібек ауданы Қамысты ауылының кәсіпкерінен, Борсы ауылына Атырау облысынан келген «Теңіз» кенішінде жұмыс жасайтын жергілікті тұрғыннан коронавирус анықталды.

A18BCE9C-786A-464B-83A1-FC64AEA7E6DA

Аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы тарапынан алынған мәліметке сүйенсек, ауданның екі тұрғынынан вирус белгілері анықталуына байланысты сақтық шаралары күшейтілген. Алгоритм бойынша дезинфекция жұмыстары жүргізілуде. Қазір вирус жұқтырғандармен байланыста болған адамдар анықталуда. Эпидемиологиялық тергеу жұмыстары жедел атқарылуда. Жұқтыру ошағы аймақтарында бақылау-өткізу пункттері (автобекет) орнатылды. Карантин аймағында қозғалыс шектелді.

Ә.Садық,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале