14.01.2021, 8:50
Оқылды: 61

Жәнібектік қайсар жанды қуантты

Жәнібек ауданының әкімі Азамат Сафималиев, Жәнібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ғибрат Айтқалиев Жәнібек ауылының тұрғыны, І топ мүгедегі Нұркен Үмбетәлиевтің үйіне арнайы барды.

Креслоарба

Алдымен аудан басшысы мүмкіндігі шектеулі жанды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, хал-жағдайын білді. Қандай да бір көмек керек болған жағдайда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы хабарласуын сұрады.

Одан соң жаңа үлгідегі серуендеуге арналған кресло-арбаны табыс етіп, арман-мақсатының орындалуына тілектестігін білдірді.

Аккумулятормен жабдықталған кресло-арба электр энергиясымен қуаттандырылады. Басқаруға да жеңіл. Толық қуаттандырылған аккумулятормен отыз шақырымға дейін жол жүруге болады.

Өз кезегінде Н.Үмбетәлиев шын көңілден шыққан ризашылығын жеткізді.

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ғибрат Талғатұлының айтуынша, осындай кресло-арба алдағы уақытта жақсыбайлық Мершат Дүйітовке де табысталмақ. Былтыр бес мүмкіндігі шектеулі жанға серуендік және бөлмеішілік сегіз кресло-арба алынып берілген екен.

 

А.Құсайынов,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале