19.10.2017, 12:36
Оқылды: 47

Жәнібектік кәсіпкер діни сауат ашу орталығын салуда

 

Жәнібек ауданында Елбасының «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» мақаласының ауқымында бірқатар игі шаралар жүзеге асуда.

Бағдарламаға сәйкес «Туған жер» арнайы жобасының «Атамекен» кіші бағдарламасының аясында Талов ауылындағы ШҚ жетекшісі Шамиль Салахов 2015-2017 жылдар аралығында қайырымдылық негізде балаларға арнап ойын алаңын жасады.

Қамысты ауылындағы орта мектептің 1996 жылғы түлектері ауыл тұрғындарына арналған саябақ ашса, 1997 жылы бітіргендер ауылдағы жаңадан ашылған спорт кешеніне татами, 1987 және 1977 жылдардағы мектеп түлектері тиісінше бильярд столы мен күрес сайысына арналған күртешелер алып берді.  Сондай-ақ аудан орталығындағы №1 мектептің 1982 жылғы түлегі, ірі кәсіпкер Сұлтан Ниеталиев қазақ эстрадасының бірнеше танымал әншілерін өз қаржысына алып келіп, аудан жұртшылығына рухани қуаныш сыйлады. Бұл күндері сондай-ақ «Символ» ЖШС директоры Есқайыр Елемесов өз қаражатына, нақтырақ айтқанда 8520,0 мың теңгеге аудан орталығындағы мұсылмандар мешіті жанынан 20 адамға арналған діни сауат ашу орталығын салуда.

Сол сияқты «Табиғатты қорғау-борышымыз» акциясы ауқымында ауылдарда сенбіліктер өткізіліп, көшет отырғызылды.

                                                                                       Н.Өтей

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале