26.07.2017, 14:16
Оқылды: 47

Жәнібектік кәсіпкерлер 215,4 млн. теңге несие алған

i283445314551815667._rsw1280h960_szw1280h960_Бұл туралы Жәнібек аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Роберт Биғалиев мәлімдеді. Оның айтуынша, тек өткен жылдың өзінде ауданда 41 адам «Бизнестің жол картасы-2020», «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламалары және басқа да қаржылық институттар арқылы 215,4 миллион теңге көлемінде қаржы алып, бизнесін ашуға немесе дамытуға қолайлы жағдай жасалған.


– Нақтырақ айтқанда, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша «Мулдашева Н.» жеке кәсіпкерлігі жүн өңдеуге 1,4 миллион және «Қарашева З.» жеке кәсіпкерлігі евроқоршау жасауға 1,4 миллион теңгенің грантына ие болды.

Сондай-ақ өткен жылы аталған мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, пайыздық мөлшерлемені қаражаттандыру бойынша Жәнібек ауылындағы «Жасмина» жеке кәсіпкерлігінен Алмаз Нысанбаев 10 миллион теңге алса, Жақсыбай ауылындағы «Динол» шаруа қожалығынан Бақтығаным Рахметова 4 миллион теңге несиені иеленді,-дейді Роберт Ғаллемұлы.

Н.Өтей

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале