8.11.2017, 15:14
Оқылды: 21

Жәнібектік кітапханашылар ресейлік әріптестерімен байланыста

IMG-20171103-WA0029Жәнібектегі орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры С.Жукина, орынбасары Ж.Мұстафина, әдістеме бөлімінің меңгерушісі Н. Мұханбетқалиевалар  Ресей Федерациясының  Волгоград қаласында өткен «Кітапханадағы түрлі салт-дәстүрлерді насихаттау жұмыстары» тақырыбындағы  дөңгелек үстелге қатысып қайтты. 

Шарада Волгоград қаласындағы Мемлекеттік әлеуметтік-педагогикалық университетінің кітапханасы директорының орынбасары Т. Зубарева, Мемлекеттік  медициналық университеті кітапханасының ғылыми бөлімінің меңгерушісі С. Замылина, татар мәдени-білім орталығы төрағасынын орынбасары Ю. Бальбекова  өз оқу орындарындағы өзге ұлт өкілдерінің студенттерімен жүргізілген  жұмыстарына  кеңінен тоқталып кетті.

Жәнібек ОКЖ-нің кітапхана қызметкерлері «Шекарасыз кітапханалық кездесулер» атты баяндама-слайд арқылы Палласовка, Эльтон аудандарының кітапханасымен   мәдени байланысын таныстырды. Мамандар М.Горький атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының бөлімдерін аралап, кітапханалардағы жүргізілген жұмыстарды көріп, пікір алмасты.

Меңдігүл ФАЗЫЛОВА

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале