5.02.2019, 11:41
Оқылды: 29

Жәнібектік өрен республикалық байқаудың бас жүлдесіне ие болды

Орал қаласында республикалық «Қазақстан таланттары» рухани-патриоттық байқау өтті.

janibek (2)

         Оған облыс, аудан орталықтарынан жас өрендер қатысты. Жәнібек ауданы саз мектебінің эстрадалық вокал сыныбының 3-ші сынып оқушысы Гүлім Биғали байқауда «Эстрада вокал» аталымы бойынша жоғары деңгейде өнер көрсетіп, бас жүлдеге ие болды. Жеңімпазға диплом, кубок және естелік сыйлық берілді. Ал Гүлімнің жетекшісі, эстрадалық вокал сыныбының мұғалімі Аслан Боранбаев алғысхатпен марапатталды. Сонымен қатар аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Ерсін Қанатов оқушы мен жетекшісіне бөлім атынан алғысхат табыс етті.

         - Байқау жоғары дәрежеде ұйымдастырылған. Қатысуға қол ұшын созып, көмегін көрсеткен аудандық демалыс орталығының директоры Алтай Бақтығалиевке алғыс білдіреміз,-дейді эстрадалық вокал сыныбының мұғалімі.

         Бас жүлдені иемденген Гүлім жазда Алматы қаласында өткізілетін байқауға тегін қатысуға жолдама алды.

janibek (3)

Лаура Халина,

Жәнібек ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале