26.02.2019, 18:42
Оқылды: 24

Жәнібектік шаруалар 35 млн. 760 теңге демеуқаржы алған

Жәнібек ауданының Жақсыбай ауылдық округіндегі шаруа қожалықтар «Тұқымдық түрлендіру және одан алынатын өнімнің сапасын арттыру» бағдарламасына қатысқан.

20141003065857-копия-копия

         Осылайша «Нұртілек» шаруа қожалығы ауыл тұрғындарының үш бағыттағы жеке табынына және Ақадыр елді мекеніндегі ірі қара малының аналығына 20 бас, «Нұржан» ШҚ үш бас, «Закария» және «Динол» ШҚ-лары бір бастан асыл тұқымды аталық бұқа қосқан.

         Ал «Агробизнес – 2020» бағдарламасы аясында асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау шараларына ауылдағы 23 шаруа қожалық пен бір ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі 35 млн. 760 теңге демеуқаржы алған. Бұл мемлекет тарапынан шаруа қожалықтарының дамуына үлкен қолдау болып отыр.

А.Байбарақ,

Жәнібек ауданы

© zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram -дағы парақшамыздан және Telegram каналымыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале