23.02.2017, 11:23
Оқылды: 40

Жәнібектік шаруалар мемлекеттік бағдарламалардың игілігін көруде

Жәнібек аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Арман Исқақов осылай дейді.

Оның айтуынша, былтыр «Сыбаға» бағдарламасы аясында шаруа қожалықтарына 135 миллион теңге тиген. Сол сияқты «Құлан» бағдарламасы бойынша 7 шаруа қожалығы 46 миллион теңге несиеге қол жеткізген. Үкімет берген  мүмкіндікті қалт жібермеген еңбеккерлер 29 асыл тұқымды айғыр мен 225 аналық жылқы сатып алған.


-Ал биыл «Алтын асық» бойынша 2 шаруа қожалығы 13 миллион теңге демеуқаржы алған. Олар бағымдағы малының тұқымдық сапасын жақсартуды мақсат тұтып отыр, - дейді Арман Искаков.

 

Н.Өтей

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале