13.07.2018, 10:11
Оқылды: 29

Жәнібектік спортшылар республикалық жарыстан жүлделі оралды

Zhanibek sportҚазақстан Республикасының туристік көпсайыс Кубогінің аясында Ақтөбе облысының Шәмші Қалдаяқов ауылында жаяу және велосипед туризмі бойынша өткізілген республикалық жарыста БҚО жасөспірімдер құрама командасының сапында Жәнібек аудандық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының командасы үш жас ерекшелігі бойынша жүлделі орындарды иемденді.


Бұл туралы Жәнібек аудандық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының өлкетану бағыты бойынша әдіскері Мейрамгүл Байғазиева хабарлады. Оның айтуынша, жарыс бағдарламасы «байлам», «кросс жорық» және «техникалық қашықтықтан» тұрған. «Балалар тобы» арасында Райымбек Бисенов (№1 мектеп-лицей, 8 сынып) «байлам» қашықтығынан ІІ, «техникалық қашықтықтан» І, велосипед туризмінен ІІ,  жалпыкомандалық есеп бойынша ІІІ орын алған.

«Жасөспірімдер тобы» арасында Бекзат Бекмұхамбетов (М.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжі, ІІ курс), Нұртілеу Мақсотов  (Х.Халиуллин атындағы ЖББОМ, 10 сынып) «кросс жорықтан» ІІІ, жалпыкомандалық есеп бойынша ІІІ орынға ие болыпты.

«Ересектер тобы» арасында Ерлан Ниғметов, Мәдина Сағадетова (Т.Жароков атындағы ЖББОМ, 10 сынып) «байлам» қашықтығынан ІІ және «техникалық қашықтықтан» І, ал «кросс жорығынан» І, жалпыкомандалық есеп бойынша І орынды иеленіпті. Велоқашықтық бойынша жалпыкомандалық есепте ІІ орынға қол жеткізген.

А.ЕСІРКЕПОВ

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале