17.01.2019, 13:04
Оқылды: 28

Жәнібектік ұстаздар шаңғы жорығына шықты

Жәнібек аудандық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының қосымша білім беру педагогтары Тұрдыбек Сәрсенбай, Асқар Есекеев, Мерлан Хамиев, Ерлан Ниғметов, Лунара Сабырғалиева бірінші дәрежелі шаңғы жорығына шығып қайтты.

shangy (2)

         Ондағы мақсат – қосымша білім беру педагогтарының біліктіліктерін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау. Жорық Қазталов ауданының БЖТжЭО-ның қосымша білім беру педагогтарымен бірлескен түрде ұйымдастырылды. Шаңғы жорығы «Қазталов -Беспішен-Ордабай-Қошанкөл-Қараоба-Еңбекші-Жақсыбай» бағдары бойынша өткізілді.

         Жорық барысында қатысушылар аталған ауылдардың тыныс-тіршілігімен, мәдени ошақтарымен танысып, мол мәліметтер жинақтап қайтты. Ауа райының суықтығына қарамастан педагогтар алты күн жорықтың үш күнін қысқы шатырда түнеп шықты.

shangy (1)

А.Есіркепов,

Жәнібек ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале