20.11.2017, 15:15
Оқылды: 26

Жәнібектік волейболшылар Ресейден жеңіспен оралды

IMG_0151Ресей Федерациясының Саратов қаласында «Азамат» аймақтық мәдени-ағарту ұйымы мен «Достар» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ерлер арасында волейболдан ашық турнир өтті.

Саратов облыстық жастар саясаты, спорт және туризм министрінің бірінші орынбасары Андрей Козлов пен «Достар» қорының басшысы, ресейлік қандасымыз Ерболат Өтешев сөз сөйлеп, жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тіледі. Ашылу салтанатынан соң  жарысқа қатысушылар екі топқа бөлініп, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Жарыста Волгоград, Саратов облыстары мен Жәнібек ауданынан барған командалар өзара бақ сынады.

Өз топтарынан үздік шыққандар жарыстың жүлделі орындарын сарапқа салды. Жәнібектік волейболшылар өз тобында қарсылас шақ келтірмей суырылып алға шықты. Финалдық ойында Жәнібек командасы келесі топтан оза шапқан Волжск командасымен ойнап, бірінші орынға ие болды. Нәтижесінде Жәнібек, Волжск және Красный Кут ауданынан келген командалар бірінші, екінші, үшінші орындарды иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ауыспалы кубок, дипломдар және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

                                                                              Ахмедияр БАТЫРХАНОВ,

                                                                                                  Жәнібек ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале