8.06.2017, 18:00
Оқылды: 33

Жәнібектіктер атты жорыққа аттанды

Жәнібек ауданы Борсы ауылында «Қараңғылықтың түнегін түрген шамшырақ» атты аудандық конференция өтпек. Шара аясында атты жорыққа аттанғалы отырған жерлестерімізді шығарып салу салтанаты өтті.


Салтанатты шарада аудан әкімінің орынбасары Біржан Меңешов пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиев Ғұмар Қараштың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.

Сөз кезегі аудан әкімінің орынбасары Біржан Нұрланұлына беріліп, ол «Алаш» қозғалысының 100 жылдығына орай өткізілгелі отырған шаралардың бүгінгі тұсаукесер рәсімімен жиылған жұртшылықты құттықтады. Алаңды Асылан Боранбаевтың әуелеткен «Аманат», Мейрамгүл Дәулетқалиеваның шырқаған «Туған ел» әндері кернеді. Жиын соңында ауданымыздың ардақты азаматы, қадірменді ұстаз Қабаш Жүнісов ақ батасын ақтарды.

«Алаш идеясы – қазақ идеясы» атты кітап көрмесімен аудандық орталық кітапхананың кітапханашысы Аида Алпысова таныстырып өтті. Кітап көрмесіне «Алаш» қозғалысы туралы газет-журнал беттерінен алынған мақалалар, очерктер, деректі материалдар жинағы, буклеттер, қоғам қайраткерлері туралы кітаптар қойылған. Атты жорыққа аттанған сайыпқыран азаматтарымызға ақ жол тілейміз. Сондай-ақ жорықшылар қатарына Тау, Қамысты ауылдарынан еріктілер қосылмақшы.

Арайлым КЕСЕКОВА,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале