22.05.2017, 17:42
Оқылды: 42

Жәнібектіктер көкпар мен аударыспақтан жеңімпаз атанды

Janibek at sporti Bokeeva   Жәнібек ауданының спортшылары Қазталов ауданында КСРО және Қазақстанның халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Х.Бөкееваның туғанына 100 жыл толуына орай ұлттық ойын түрлерінен өткен жарыста бақтарын сынаған болатын.


   Көкпардан Жәнібек және Тау ауылдарының командалары, сәйкесінше бірінші және үшінші орындарды иемденіп, қомақты ақшалай сыйлықпен марапатталды.

    Бұл ойын түрінен «Үздік ойыншы» деп Жәнібек ауылы командасының мүшесі Ғалым Мақсот танылды. Ал 17 спортшы қатысқан аударыспақтан жәнібектіктер тұғырдың үш сатысына да жайғасты. Ғалым Мақсот, Бейбіт Аронов, Мейірім Меңдіғалиевтер, тиісінше бірінші, екінші және үшінші орындарды жеңіп алып, естелік сыйлықтарды иемденді.

Д.ЗЕННАТ

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале