18.03.2019, 13:05
Оқылды: 29

Жәнібектіктер сотқа арызын түнде де тапсыра алады

Бүгін Жәнібек аудандық сотының судьясы Нұрмұханбет Жұмәлі мәдениет саласының қызметкерлеріне Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауындағы «Сот жүйесін одан әрі жаңғырту» бөліміне тоқталды.

20180920102116

- Бұрынғы мен қазіргі соттың айырмашылығы жер мен көктей. Қазіргі таңда сот жүйесі ыңғайлы әрі қарапайым. Онлайн түрде уақыт үнемдеуге де қол жеткіздік. Ауданда «Түнгі сот» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Яғни күндіз уақыт тапшы азаматтар түнде немесе кешкі мезгілде сотқа келіп, арыз не болмаса шағымдарын әкеле алады. Сонымен қатар биыл аудандық медиаторлардың көмегімен 5 отбасы ажырасудан аман қалды, - деді аудандық соттың судьясы.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram -дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале