25.05.2018, 16:09
Оқылды: 50

Жәнібектің қос мектебінде оқу жылының аяқталуына орай жиын өтті

Бүгін Жәнібек ауданындағы Т.Жароков атындағы орта мектепте 2017-2018 оқу жылының аяқталу құрметіне орай «Құлақтан үнің кетпестей, сыңғырла соңғы қоңырау» атты салтанатты жиын өтті.

Жиында аталмыш мектеп директоры Сержан Қошанов сөз сөйлеп, мектеп үздіктеріне мақтау қағаздарын, «Білім-инновация» халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасында жүлделі үшінші орын алған 6 «г» сынып оқушысы Дияра Нұрышеваға марапатын және мектеп түлектерінің ата-аналарына «Үлгілі ата-ана» лентасы мен алғыс хат табыс етті.

Салтанатты шарада сөз алған аудан әкімінің орынбасары Біржан Нұрланұлы оқушылар мен ұстаздарды, мектеп түлектерін оқу жылының аяқталуымен құттықтады. Сондай-ақ 40, 30, және 20 жыл бұрын мектеп бітірген түлектердің атынан Зәмзәгүл Шәріпова, Теміржан Матаев, Рауан Қайырғалиевтер сөз сөйлеп, мектепке арнаған сый-сияпаттарын табыстады.Мектеп түлектерінің ата-аналары атынан сөз алған Баянсұлу Атошева, түлектердің атынан Ақманар Биғалиевалар ізгі тілектерін арнады.

Шара барысында домбырашылар ансамблінің орындауында күй тартылып, оқушылар мен түлектер мектеп, ұстаз туралы ән шырқап, флешмоб, вальс биленді, көгершін мен шар ұшырылды. Соңғы қоңырауды соққан мектеп түлектері «Қош бол, алтын ұя мектебім!» тақырыбында өтетін тәрбие сағатына қатысу үшін мектепке беттеді.

Сонымен қатар аудан орталығындағы №1 мектеп-лицейде соңғы қоңырау салтанаты өтті.

Салтанатты жиында бұл оқу орнын осыдан 45, 40, 35, 30 және 20 жыл бұрын бітірген түлектер сап түзеп өтті. Алаң ортасына мектеп өміріне белсене қатысып, аудандық, облыстық олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болған, шығармашылық, спорттық байқау, жарыстарда жетістіктерге жеткен 2017-2018 оқу жылының үздіктері шақырылып, салтанат құрды.

Сондай-ақ оқу орнының биылғы 22 түлегі мен олардың алғашқы мұғалімдері, сынып жетекшілері алаңда шеру тартты. Жиында жұртшылықты соңғы қоңырау салтанатымен құттықтап мектеп-лицей директоры Сапар Мамбеталиев, облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев, аудандық мәслихат хатшысы Тахир Қадимов және оқу орнын 1973, 1978, 1981,1988 және 1998 жылдары бітірген түлектер атынан Гүлфайруз Жиенәлиева, Мағрипа Маханова, Ахан Бектенов, Эльмира Аманова, Талғат Қаналиев, Меңдібек Нұрғалиев, Ақмарал Камаладинова, Райгүл Шағырова  сөз сөйледі.

Мектептің аталған жылдардағы түлектері білім ордасына тарту-таралғыларын табыс етті. Мектеп-лицейді биыл бітіруші түлектердің ата-анасының атынан Меңдәлі Ғұбашев түлектерге тілегін жеткізді.

А.ЕСІРКЕПОВ,

Н.Есенғали

Жәнібек ауданы

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале