8.02.2018, 12:40
Оқылды: 63

Жәнібектің орталық алаңы жөндеуден өтпек

Жәнібек ауданында биыл да елді мекендерді абаттандыру, көріктендіру, көгалдандыру жұмыстары жалғасын табады.

Атап айтқанда,  Күйгенкөл және Ұзынкөл ауылдарына көше шамдары орнатылады. Сонымен қатар бірқатар ауылға ойын және спорт алаңдары, тротуар салынып, ауыл ішіндегі жолдарды жөндеуден өткізу жоспарлануда. Сондай-ақ аудан орталығындағы орталық алаңды қайта құрып, алаңға Елорданың 20 жылдық мерейтойына орай «Астана» атауын беру көзделінуде.

 

                                                                                      Н.Өтей

Жәнібек ауданы

                                  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале