7.04.2017, 11:38
Оқылды: 25

Жәнібектің жас бард әншілері жүлдемен оралды

Orda Astana 01   Астана қаласында «Перне тамшылары - 2017» жас бардшылардың аймақаралық фестивалі өтті. Авторлық әндерді жастар арасында насихаттау мақсатындағы бұл фестивальға Жәнібек ауданы білім беру бөлімінің балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының «Бард әндер» үйірмесінің 13 оқушысы  қатысып, жүлделі орындармен оралды. 


   Атап айтсақ, 12 жасқа дейінгі «Орындаушы» аталымы бойынша Анель Тастанова Ю.Визбордың «Ты у меня одна» әнін орындап, І орын алып, лауреат атанды. 13-15 жас аралығы  бойынша «Қазақ ақындарының әндері» аталымында Айшат  Хамзина  М.Мақатаевтың «Есіңе мені алғайсың» әнімен 2 орынды иеленіп, дипломант атанды. Ал 16-18 жас аралығы бойынша Расул Ерназаров Қ.Рахымның «Байқамаймыз» әнімен 2 орын алып, дипломант атанды. 12 жасқа дейінгі «Элита» ансамблі  (А.Тастанова, А.Қамитова, Д.Сатанова, Д.Ахметова, А.Ниғметова) 2 орын алып, дипломант атағына қоса гитара сыйланды. Ал 13-15 жас аралығындағы «Альтаир» ансамблі де (А.Хамзина, А.Мұхамбетқалиева, А.Абдоллин, Б.Ниғметов, Р.Төлегенов, А.Сәлімгереева, Н.Ғатауллин) 2 орын алып сыйлықтармен марапатталды.

     Оқушыларды жарысқа тыңғылықты дайындағаны үшін үйірме жетекшісі Меңдігүл Сағидоллақызы Астана қаласы білім басқармасының басшысы Қ.Сенғазиевтің алғыс хатымен марапатталды.

А. ЕСІРКЕПОВ

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале