7.05.2019, 16:34
Оқылды: 351

Жарақат алған оқушы облыстық көпбейінді балалар ауруханасында ем алуда

Мамыр айының 6 күні Жаңақала ауданының орталығындағы №3 қазақ мектебінде оқыс оқиға орын алды.

103 (4)

Мектеп директоры Әлихан Декартұлынан алған мәлімет бойынша, оқиға мектеп қабырғасында таңертенгі 8:40 шамасында болған.

5-сынып оқушысы қаламын алдыңғы партаға абайсызда лақтырған кезде, партаға тиіп кері ұшқан қалам қарсы отырған сыныптасының көзіне тиген. Көзінен жарақат алған оқушыға мектеп медбикесі алғашқы жәрдем көрсетіп, сол бойда аудандық емханаға жеткізген. Қазіргі таңда жарақат алған оқушы облыстық көпбейінді балалар ауруханасында ем алуда. Аудандық білім беру бөлімінің басшысы Е.Қадыров аталмыш оқиға бойынша ішкі қызметтік тексеріс жүргізілетінін мәлімдеді.

Н.Ғаббас, 

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале