20.02.2019, 12:41
Оқылды: 28

Жәрдем сөзбен емес, іспен жасалса...

Қыстың малды да, жанды да қос бүйірден қысып жатқан уақыты. Мал азығының түбі көріне бастады. Дәл қазір ауылдағы ағайын шөптің бір бумасын 5000 теңге сатып алуға әзір отыр. Ал Көгеріс ауылының тұрғыны Бауыржан Тілегенов өзінің ауылдасы Мәди Баянғалиевке көмек ретінде 6 бума шөпті тегін берді.

seno

Мәди Баянғалиевтің жанұясы – көп балалы. Шаңырақтың отанасы Бибігүл 6 перзентті дүниеге әкелген, «Күміс алқаның» иегері.

Бүгінде әлеуметтік желіде Мәдидің отбасы секілді көп балалы жанұяларды қолдау керек, «анау былай, мынау былай етуі керек» деген ақыл мен айқайға толып кетті. Бір өкініштісі, көбінікі – құр сөз. Бауыржан секілді азамат ондайлардан ісімен артық болып отыр.

Азын-аулақ малы болмаса, біреуді жарылқайтындай Бауыржанның асып тасқан байлығы, тіпті тұрақты жұмысы да жоқ. Біз бұл мақаланы ақпанның ақырған ақ боранын көре отырып, жинаған азығын малының ауызынан жырып, ауылдасына жәрдем жасаған Бауыржанды мақтайын деп емес, басқаларға үлгі болсын деп жаздық.

Байжан Ізімов,

Сырым ауданы, Көгеріс ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале