14.06.2017, 17:39
Оқылды: 39

«Жарқын жол саған, жас түлек!»

Ақжайық аудан орталығының басты алаңында мектеп бітірушілерге арналған «Жарқын жол саған, жас түлек!» атты мерекелік шара өтті.

Аудан басшысы Әділ Жоламанов «Алтын белгі» иегерлері Мейірбек Балтабаев, Дулат Дендер, Шынар Еркін (Чапаев), Санжар Райханов, Шынар Ізбасарова, Ләззат Қуандықова,  Арайлым Ғайса (Тайпақ), Сұлтан Сағынаев (Қарауылтөбе), «Үздік аттестат» иегерлері Аниса Науқанова, Дана Серік, Айару Берік (Бударин), Күләш Мұрат (Чапаев), Альбина Маратова, Нұрлыбек Қазбек (Тайпақ), Айнұр Тасболатова (Базаршолан), Бану Шайхоллаға (Қабыршақты), олардың ата-аналарына алғыс хат және бағалы сыйлықтар табыстады.

Әкім сондай-ақ ауданымыздың спорттық, көпшілік-мәдени шараларына белсене қатысқан, облыстық, республикалық түрлі сайыстарда жүлдегер болған түлектерді қошеметтеді.

Осында білім беруде үздік нәтижелер көрсеткен бірқатар мектептердің директорлары облыс әкімі Алтай Көлгіновтің алғыс хатымен маратталды.

Рахмет ҚАЛИ

Ақжайық ауданы

Суреттерді түсірге Нұрбек ИХСАН

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале