21.04.2017, 16:41
Оқылды: 22

Жәрмеңке арқылы 15-ке жуық адам жұмыс тапты

 

Шыңғырлау аудандық  жұмыспен қамту бөлімінің ұйымдастыруымен  бос  жұмыс орындарының жәрмеңкесі  өтті. Жәрмеңкенің нәтижесінде 15-ке жуық адам екі қолға бір күрек тапты.


Мәселен, жәрмеңке кезінде  «Ботанова.А.» жеке кәсіпкерлігі  еден жуушы таңдап алса, «Шыңғырлау спорт  клубы» ауылдық округтерде орналасқан филиалдарына 7 әдіскерді жұмысқа алды.

Айта кету жөн, ауданымызда 500-ге тарта жұмыссыз тіркелсе, аталған шара барысында  70 жаңа жұмыс орны  ұсынылды.

Айсұлу Амангелдіқызы

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале