21.07.2017, 17:23
Оқылды: 22

Жәрмеңкеде 27 тұрғын жұмысқа жолданды

Ақжайық ауданында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Шараға аудан әкімі Әділ Жоламанов қатысты.


– Елбасы тапсырмасы бойынша, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламаны» жүзеге асыруды тыңғылықты атқаруымыз керек. Бүгінгідей жәрмеңке - осы бағыттағы үлкен қам-қарекеттің бірі. Облыс басшысы Алтай Көлгінов жуырда ауданымызға кезекті жұмыс сапарында ауқымды құрылыс нысандарымен танысу барысында да осындай істерге тұрғындарды барынша көбірек тартудың маңызын атап көрсетті,-деді ол.

Биыл үшінші рет өтіп отырған жәрмеңкеде 15 мекемеден 71 бос жұмыс орны ұсынылды. Өткен екі жәрмеңкеге 41 жұмыс беруші қатысып, 151 жұмыс орнын ұсынған болатын. Нәтижесінде 99 адам түрлі жұмыстарға жіберілді. Ал бұл жолы жәрмеңкеге жүгінген 43 тұрғынның 27-сі жұмысқа жолданды.

Бекболат ҚАЛЕНОВ

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале