3.04.2017, 17:17
Оқылды: 22

Жәрмеңкеден жұмыс тапты

«Нұр Отан» партиясының «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» жобасы аясында партияның Қаратөбе аудандық филиалының бастамасымен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің және аудандық жұмыспен қамту орталығы ұйымдастырумен бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті.

Шарада сөз алған «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Оразов жәрмеңкенің мақсат-міндеттеріне тоқталып, жұмысқа орналасушыларға сәттілік тіледі.

Жәрмеңкеде Қаратөбе балалар мен жасөспірімдер саяхаты және экология орталығы бір жүргізуші маманын жұмысқа алса, аудандық мәдени-демалыс орталығы бойынша хормейстер, концертмейстер, аккомпониатор, мемлекеттік сатып алу менеджері мамандары жұмысқа орналасты.

Аудандық жер қатынастары бөлімі «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы арқылы бір жас маманды агроном қызметіне қабылдады.

Райымбек АБАЕВ,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале