4.07.2019, 11:54
Оқылды: 267

Жас ақын Марлен Ғилымхан республикалық «Semser» сыйлығына ие болды

Жастар жылына орай «Мәдениет порталында» онлайн «Semser» әдеби байқауы ұйымдастырылды.

marlen (4)

Екі ай бойы өткен байқауға 300-ден астам қатысушы өз туындыларын жіберген. Бұл додаға әдебиет әлеміне енді қанат қаққан жас таланттардан бастап, оқырманын қалыптастырып үлгерген, орта жастағы танымал ақын-жазушылар да қатысқан. Олар «Үздік поэзия», «Үздік проза», «Үздік әдеби сын» аталымы бойынша бақ сынады.

marlen (1)

Аталмыш байқауға қатысқан жаңақалалық ақын Марлен Ғилымхан «Semser» әдеби байқауының «Үздік поэзия» аталымының жеңімпазы атанды. Ол байқауға «Паруана» өлеңдер топтамасын ұсыныпты.

marlen (3)

Айару Бақытова

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegramарнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале