26.02.2018, 14:08
Оқылды: 35

Жас ақын жүлдемен оралды

 

Алматы облысының Ұзынағаш ауылында өткен «Жыр алыбы  Жамбыл» атты оқушылар арасындағы республикалық ақындар айтысында батысқазақстандық жас айтыскер, Қаратөбе балалар шығармашылығы үйінің «Ақындық әліппесі» үйірмесінің мүшесі Райымбек Бекболатұлы ІІІ орынға ие болды.

Дүбірлі додадаға 14 облыстан  28 жұп қатысып, екі күн бойы алматылықтарды жырға бөледі.

Қазақтың қанына сіңген бекзат өнерімізді серік етіп жүрген жас ақын Райымбек Өтепов үш азулы ақынмен кездесіп, сүбелі сөз өріп, келісті өнер көрсетіп жүлделі орынға ие болды.

Болашағынан үлкен үміт күттіретін жас ақынымызды ақындық жолға баулып жүрген облысымызға танымал ақын, Қаратөбе балалар шығармашылығы үйінің «Ақындық әліппесі» үйірмесінің жетекшісі Ертай Бимұханов.

– Ақындар тіл, ұлттық рух пен ел болашағы туралы жырлады. Қыз бен жігіт айтысында әдемі әзіл айтылды. Ең бастысы, Райымбегім сенімімді ақтады. Қолдау білдірген барша жерлестеріме, аудан әкімдігіне, аудандық білім беру бөліміне алғысымды жеткіземін, - дейді «Ақындық әліппесі» үйірмесінің жетекшісі Ертай Сағындықұлы.

 Маралбек АМАНТАЕВ,

Қаратөбе ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале