15.10.2019, 12:28
Оқылды: 163

Жас ақындар мен тілшілердің аудандық байқауы жарияланды

«Сырым елі» қоғамдық-саяси газетінің 3 қазандағы №39 журналист Мүсірбек Айташевтың «Жазушы Жәрдемге көше аты бұйырмай тұр!» атты мақаласы жарық көрді.

5d04a83757932

 

Мақалада Сырым ауданы Аралтөбе ауылында дүниеге Еңбек Қызыл Ту орденінің иегері, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, жазушы, ақын Жәрдем Тілековтің әдебиетке қосқан үлесі туралы айтылады. Жәрдем Тілековтың көзін көрген ағайыны С.Айтановпен сұхбаттасқан Мүсірбек Айташев жазушының есімі мен шығармашылығын таныту жұмыстарының өте төмен деңгейде екендігін айтады, оның атын аудан көшелерінің біріне беру жөнінде мәселе көтереді.

Осы мақаладағы жазушы Жәрдемнің атын тірілту мен әдеби мұраларын насихаттау мәселесі облыс орталығындағы Қадыр Мыра Әли атындағы мәдениет және өнер орталығының атынан қолдау тапты. Орталықтың директоры, ақын, журналист Бауыржан Халиолланың ұсынысымен Сырым ауданында оқушылар арасында Жәрдем Тілеков атындағы жас ақындар байқауы өтпек.

Жас ақындар байқауымен бірге, Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығы мен «Сырым елі» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, журналист-жазушы Бақтығұл Ойшыбаев атындағы жас тілшілер байқауын да жарияламақ. Бақтығұл Ойшыбаевтың есімі мен еңбегі аудандық газетте оның журналист ұлы Кемелбек Ойшыбаев туралы «Кемелбекті кемел шағында құрметтесек!» атты мақалада айтылған еді.

Жас ақындар мен жас тілшілерге арналған Ж.Тілеков пен Б.Ойшыбаев атындағы қос байқаудың ережесі «Сырым елі» қоғамдық-саяси газетінің осы аптадағы санында жарық көреді. Жазуға құмар ауданның барлық оқушысының қомақты жүлделерге ие болу мүмкіндігі бар.

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале