2.03.2018, 11:13
Оқылды: 20

Жас анаға «Сүйінші!» акциясы аясында құрмет көрсетілді

 

Қаратөбе аудандық орталық ауруханасында Алғыс айту күніне орай республикалық «Сүйінші!» акциясы аясында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мереке қарсаңында дүние есігін ашқан сәбидің анасына құрмет көрсетті.

Мереке күні өткен акцияда аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Венера Ғұбайдуллина дүниеге келген нәрестенің туу туралы куәлігін ата-анасына салтанатты түрде табыстады.

Шарада бөлім басшысы Мербол Есендосов, аудандық орталық аурухана директоры Венера Елеусінова сөз алып, нәрестенің ел қорғаны болатын батыл, ер жүрек азамат болуын тілеп, сый-құрмет жасады.

Мереке қарсаңында шаңырағы қуанышқа кенелген Қобдабаевтар әулеті дүниеге келген сәбиіне Елжас есімін берді.

Перзентін перзентханадан шығарып алуға арнайы келген сәбидің әкесі Нұрлан Қобдабаев шараны ұйымдастырушыларға зор алғысын жеткізді.

Райымбек АБАЕВ,

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале