30.01.2019, 10:15
Оқылды: 59

Жас кәсіпкермен кездесті

Қаратөбе аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастармен басқосу өткізілді. Жиынға БҚО кəсіпкерлер палатасының Қаратөбе ауданындағы филиалының директоры Асхат Тойшыбаев және жас кәсіпкер Марат Әлжанов қатысты.

qaratobe (2)

Марат Әлжанов 2017 жылы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында мемлекеттік грант иегері атанған. Қазіргі таңда бау-бақша егумен айналысатын кәміпкер, жақында ғана Астана қаласында Елбасының қатысуымен өткен Жастар жылының ашылу форумына қатысып келді.

– Форумға облыс бойынша 6 адам қатыстық. Олардың 3-еуі өзім секілді жас кәсіпкерлер. Қазіргі таңда идеясы, еңбекке деген құлшынысы бар жастарға мемлекет тарапынан қолдау көп. Елбасының өзі жастарды қолдап отыр.

Менде де алғашында қиыншылықтар болды. Алайда, жұмысыма деген қызығушылығымның арқасында өз мақсатыма жете білдім. Сіздерді де еңбек етуге шақырамын, - деп жас кәсіпкер Марат Рүстемұлы.

Басқосу барысында Асхат Жәнібекұлы жас кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан берілетін қолдаулар туралы кеңінен түсіндіріп, жастардың ойындағы сауалдарға жауап берді.

qaratobe (4)

qaratobe (1) Ажаргүл Әлиева,

Қаратөбе ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале