2.03.2017, 15:10
Оқылды: 21

Жас құтқарушылар сапта

Бөрлі ауданында Азаматтық қорғаныс күніне орай «Жас құтқарушы-2017» сайысы өтті. Шараны аудандық төтенше жағдайлар бөлімі ұйымдастырды.


Қатысушылар өрт қауіпсіздігі ережелеріне қатысты білімдері бойынша сынға түсті. Сонымен қатар жарыс шартына сәйкес театрландырылған көрініс қойды.

Жарыс нәтижесінде үшінші орынды №1 мектебі алса, жүлделі екінші орынды Пугачев мектебі еншіледі. Ал қарсыластарынан оқ бойы оза шапқан №3 мектебінің жас құтқарушылары бірінші орынға жайғасса, жарыстың бас жүлдесін №4 мектебі командасы жеңіп алды. Байқау жеңімпаздары мен қатысушылары Бөрлі ауданы ТЖ бөлімінің дайындаған диплом, кубоктарымен және алғыс хатымен марапатталды.

Айым НҰРҒАЛИЕВА

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале