4.08.2017, 11:12
Оқылды: 27

БҚО-да «Жас маман» жобасымен 135 жас жұмысқа орналасты

Облыстық «Өрле, Қазақстан!» ақпараттық-түсіндіру тобы Жәнібек ауданы Ұзынкөл ауылында болып, ауылдық кітапханада жастармен кездесу өткізді.

–Жуырда облыс орталығында өткен жәрмеңкеде 2000-ға жуық бос жұмыс орындары ұсынылды. «Жас маман» жобасы арқылы күні бүгінге дейін 135 жасты тұрақты жұмысқа орналастырдық. Бұдан бөлек, «Болашағың өз қолыңда» жобасы шеңберінде де жұмыссыз жастарға жәрдемдесеміз. Арнаулы мамандығы жоқ немесе мамандығы бойынша жұмыс таба алмай жүрген жастарға ұзақ және қысқа мерзімді оқулар қарастырылған, - деді облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың кеңесші-маманы Алмат Байболат.

Жиында облыстық білім басқармасының өкілі Тілектес Ахмадиев Елбасының бастамасымен қолға алынған «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы туралы мәлімет берді. Оның айтуынша, аталған жоба арқылы жұмыссыз және өзін-өзі тиімсіз жұмыспен қамтыған жастар тегін оқытылып, кәсіптік білім беру жүйесінде экономикадағы жаңа өндірістер үшін мамандар дайындауға ден қойылады. Т.Ахмадиев ауылдағы жұмыссыз жүрген жастарды аталмыш жоба аясында тегін кәсіптік білім алуға шақырды.

Б.ЖҰМАҒАЗЫ

Жәнібек ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале