26.02.2020, 11:19
Оқылды: 74

Жас өлкетанушылар конференциясы өтті

 Аудан орталығындағы М-С.Бабажанов атындағы мектебінің базасында «Туған өлкемді зерттеймін» облыстық ғылыми-зерттеу конференциясының аудандық кезеңі отті. Аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Найля  Нарболованың айтуынша,  оған аудан мектептерінен 21 оқушы қатысты.

olketanu

Конференцияда жас зерттеушілер қоршаған ортаның және антропогендік факторлардың өсімдіктер мен жануарларға әсері, өсімдіктер мен жануарлар әлемін қорғау, аймақтағы жануарлардың түр-тұқымын, жануарларды өсірудің, қолда асыраудың ерекшеліктерін зерттеу, қоршаған ортаның, ластанған ауаның, судың, топырақтың, өндірістік, химиялық, радияциялық қалдықтардың және т.б. факторлардың, зиянды әдеттердің адам денсаулығына әсері, қалдықты пайдаға жарату  мәселелеріне тоқталды.

Командалық есепте Жәңгір хан орта мектебінің командасы І орын, А.Құсайынов атындағы орта мектеп командасы ІІ орын, Т.Масин атындағы білім ұясының командасы ІІІ орынды иеленді.

Үздік болып танылған Жәңгір хан орта мектебінің 8-сынып оқушылары Д.Сағындыққызы (мұғалімі Н.Мұқашева), Ж.Абдолова (мұғалімі Н.Шарафутдинов), М.Маметова атындағы орта мектептің 7-сынып оқушылары Б.Отарбаев (мұғалімі Д.Дәулетова), Д.Құзерғалиева (әзірлеген аудандық мектептен тыс тәрбие орталығы үйірмесінің жетекшісі А.Ержанова) облыстық кезеңге жолдама алды.

Раушан Бақытова

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале