6.03.2018, 10:36
Оқылды: 106

Жас өлкетанушылардың слеті өтті

Шаған орта мектебінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша «Мен өз өлкемді зерттеймін» жобасы аясында оқушылардың аудандық слеті өтті.

Слет «Тарих қойнауында», «Сөнбес жұлдыздар», «Рухани қазына», «Ескерткіштер - ел тарихы», «Табиғат және экология», «Туған өлке соқпақтары» атауларымен 6 бағыт бойынша өрбіді.

Шараның ашылу салтанатында ұйымдастырушылар атынан аудандық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының басшысы Н.Қоқашев сөз алып, осындай додалардың жас ұрпақ тәрбиесіне елеулі үлес қосатынын тілге тиек етті.

Жарысқа аудан бойынша 16 мектептің оқушылары қатысып, ғылыми жұмыстарын қорғады. Нәтижесінде, әр бағыт бойынша жеңімпаздар анықталды. Жалпыкомандалық есепте І орынды Федоров қазақ мектебі  оқушылары жеңіп алды. Ал ІІ орын Ақсуат орта мектебі оқушыларына бұйырса, тұғырдың үшінші сатысына «Үміт» лингвистикалық гимназиясы оқушылары жайғасты.

Ұйымдастырушылар аталған шараны жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан Шаған орта мектебі директоры Ұ.Мұратоваға және мектеп ұжымына ризашылықтарын білдіреді.

Әділет ЗЕРЕ

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале