26.02.2020, 10:49
Оқылды: 40

Жас өнертапқыштар жобаларын қорғады

 Бөкей ордасы ауданында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде «Оқушылардың экологиялық бизнес-жобасы» атты аудандық байқау өтті.

baikau

Бұл білім бәсекесінде оқушылар «Экоөнімдер», «Ауыл шаруашылығына арналған экологиялық технологиялар» (ауылдың мәдениетін дамыту, ауыл өнеркәсібін дамыту, ауыл экономикасын көтеру, ауыл шаруашылығы саласын жандандыру), «Инновациялық экологиялық бизнес-идеялар» (табиғи ресурстарды үнемдеу мақсатында энергияның балама көздерін іздеу, интернет технологиялары т.б. аталымдар бойынша өз жұмыстарын   қорғады.

Байқау қорытындысы бойынша А.Құсайынов атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы Елтай Нұрдаулет (мұғалімі Е.Құбайтов) «Желден энергия алу» жобасымен үздік деп танылып, облыстық кезеңге жолданды.

 

Найля  НАРБОЛОВА,

аудандық білім беру бөлімінің әдіскері

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале