29.05.2017, 19:38
Оқылды: 54

Хан ордасына саяхаттады

Janakala studentter   Жаңақала колледжі оқушылары «Туған жерге тағзым» акциясы аясында Бөкей Ордасы ауданы Хан Ордасы ауылына саяхаттап қайтты.


   Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты жолдауы аясында жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен тарихи нысандарды жас ұрпақты таныстыру, олардың туған жерге деген сүйініспеншілігін ояту мақсатында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасында ұйымдастырылған шараға колледж директоры С.Жардемалиев, директордың өндірістік оқыту жөніндегі орынбасары С.Ермекқалиев, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары К.Габдуллина және І,ІІ курс студенттері арасынан аз қамтылған, көп балалы, жартылай жетім, оқу озаттарынан құралған 13 студент қатынасты.

   Бұл шара Хан Ордасы ауылының қиылысында ақтан ауыз тигізумен басталып, Жәңгір хан, М.Бабажанов және Дәулеткерейдің кесенелеріне тағзым етумен, М.Мәметова, ҰОС ардагерлері және Б.Жәнекешов ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою рәсімімен жалғасты. Бұдан әрі топ Хан Ордасы ауылдық мәдениет үйінде ұйымдастырылған «Үлкендер жолы-ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып» тақырыбындағы ардагерлермен кездесуге қатынасты.

   Кездесуден кейін Бөкей ордасы тарихи-мұражай кешенімен танысты.
Студенттер музейді аралап танысқаннан кейін Хан ордасындағы орман шаруашылығына экскурсия жасады. Осы орман алабында Жәнібек, Жаңақала, Бөкей Орда колледждері студенттері арасында спорттық ойындар ойнатылды.

   Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты жолдауы аясындағы «Туған жерге – тағзым» акциясына қолдау көрсетіліп, алдағы уақыттарда осындай игі істер жалғасын таба бермек.

Надежда ЕСЕТОВА

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале