7.03.2017, 11:16
Оқылды: 16

«Жас Отанның» жетекшісі сайланды  

 

Зеленовта «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты аудандық бөлімшесінің І конференциясы өтті.


Партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұржан Дүзбатыров төрағалық еткен жиынға БҚО жастар саясаты мәселесі бойынша басқарма басшысы Аян Сакошев, «Жас Отан» Жастар қанатының БҚО филиалының төрағасы Нұрғали Жолдасқалиев, аудан әкімнің орынбасары Асылұлан Досжанов, аудан жастары қатысты.

Күн тәртібінде ашық дауыс беру арқылы аудандық бөлімшенің жетекшісі сайланып, кеңес құрамы бекітілді.

-Осы уақытқа дейін аудандық бөлімшелерде «Жас Отан» Жастар қанатының конференциясы өтпеді. Биылдан бастап қолға алынып барлық ауданда өтуде. Ал «Жас Отан» Жастар қанатының Зеленов аудандық бөлімшесіне аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық басшысы Нұржан Ешмұратовты ұсынғым келеді. Оның облыс пен аудан жастары арасында беделі бар, белсенді жастың бірі. Өзіне артылатын бөлімше жұмысын ойдағыдай атқарып, «Жас Отан» жастар қанаты үшін тиімді істер жүзеге асырады  деп ойлаймын, - деді Нұрғали Қаршығаұлы. Бұдан бөлек облыс көлемінде жасотандықтар атқарып келетін жұмыстарды баяндап, «Сәтті қадам», «Ардагерлерді ардақтайық», «Жастар – Отанға», «Саламатты ұрпақ» секілді партиялық жобалардың маңыздылығын түсіндіріп берді.

Сонымен  бірауыздан Нұржан Сайлаубекұлы «Жас Отан» жастар қанаты аудандық бөлімшесінің жекетшісі болып сайланды. Бөлімше жанындағы кеңес құрамына Переметный, Белес, Дариян, Железнов, Достық, Зеленый, Көшім, Рубежка, Трекин, Шалғай, Январцев, Чиров ауылынан бір топ жас бекітілді.

Одан әрі Аян Қажемирұлы «Жас Отан» жастар қанаты басты мақсаты мен міндеттеріне, халық игілі үшін бағытталған мемлекеттік бағдарламаларға тоқталып өтті.

 

Динара Насыр,

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале