6.02.2020, 17:51
Оқылды: 102

Жас палуандармен кездесті  

Қаратөбе ауданының Қаракөл ауылдық округі әкімі Эльдар Амантаев жас палуандармен кездесті.

qaratobe (2)

Оған қазақша күреспен шұғылданып жүрген оқушылар және олардың жаттықтырушысы Әбдісалан Рабаев қатысты.

- Еңсеп бабамыз бар саналы ғұмырын халқына арнаған айтулы тұлға. Қазақ күресінің дамуына айырықша үлес қосып, туған топырағының туын биікке көтерген сол палуан бабамыздың есімі еш уақытта ұмытылмақ емес. Сіздер де жауырыны жерге тимеген нағыз спорт саңлақтары болыңыздар, - деді округ әкімі Эльдар Ниязбекұлы.

qaratobe (1)

Әңгіме арасында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі әрі жаттықтырушы Әбдісалан Ниязбекұлы Қаракөлде спорт саласы жақсы дамып келе жатқанын, бүгінгі күні өздерін қолдап, жаттығуға қажетті құрал-жабдықтар алып беруге көмек көрсеткелі отырған ауыл әкіміне риза екендіктерін айтты.

Айта кетелік, Ә.Ниязбекұлы жуырда қол күресінен өткен аудандық чемпионатта топ жарған қаракөлдік спортшыларды жеңісімен құттықтауды да ұмыт қалдырмай, алда да жеңісті күндері көп болуын тіледі.

Тұрсынай Нағымова

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале