12.07.2017, 19:03
Оқылды: 90

Жас патриот жарады

 Karatobe Jas patriot Бурабайдағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында «Балдаурен жұлдыздарын жағады» ауысымы болып өткен болатын. Аталмыш сауықтыру лагеріне Қаратөбе ауданынан 10 оқушы қатысып келді.

  Жыл сайын «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында елдің әр аймағындағы мектептерден келген алты мыңнан астам оқушы демалады.


  Әр маусымда балалармен жүргізілетін жұмыс және педагогикалық ұжымның жинақтаған тәжірибесі қазіргі жағдайларда қазақстандық оқушыларды патриоттық тәрбие беру жүйесіне дайындау болып табылады.

8-ші ауысымға еліміздің әр өңірінен келген 500-ге жуық мектеп оқушылары қатысты.

         Орталықта 500 баланың ішінен іріктелген белсенді, үздік 14 оқушыға «Қазақстандық жас патриоттар академиясының» куәлігі мен сертификаты және төсбелгісі табысталған болатын.

Солардың қатарында облыстық, республикалық ақындар айтысының жеңімпазы, Мұхит атындағы ЖОББ мектебінің 10-сынып оқушыс Райымбек Өтепов үздіктер қатарынан көрініп, қазақстандық жас патриоттар академиясының мүшелігіне қабылданды.

   – Оқуда озат атанған, дарынды, өнерлі балалар іс-шара кезінде өз өнерлерін ортаға салды. "Балдәурен" – оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыратын, достықтың, өнердің алтын мекені. Өзімнің үздіктер қатарынан көргеніме қуаныштымын, -  дейді жас ақын Райымбек Өтепов.

Маралбек АМАНТАЕВ

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале