18.07.2017, 15:22
Оқылды: 23

Жас спортшыларды қабылдады

Қазталов ауданы әкімі Абат Шыныбеков Семей қаласында өткен ел чемпионатына қатысып, жүлделі орын алып келген  Оралхан Қабдолғазизов пен Әділжан Нұртаевты қабылдады.


32 келі салмақта Оралхан жарыста жатып көтеруден 2 орынды, Әділжан 36 келі салмақта жатып көтеруден 3 орынды және поуэрлифтингтен  3  орынды иеленген болатын. Осындай жас спортшыларды республикалық жарыстан жеңіс тұғырынан көрінуіне жаттықтырушысы Айдын Елемесовтің еңбегі зор.

-Алдағы уақытта да аламан бәйгелерде топ жарып, аудан спортын өрге сүйреуде өздеріңнің сүбелі үлестеріңді қосады деп сенім білдіремін. Еліміздің ертеңі өздерің секілді жастардың қолында. Әрдайым талаптың төрінен, жеңіс тұғырынан көріне беріңіздер, -деді Абат Абайұлы.

Гауһар ӘДІЛЖАН,

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале