20.02.2019, 19:02
Оқылды: 32

Жас тілшілердің аудандық конференциясы өтті

Жаңақала аудандық мектептен тыс жұмыс орталығының ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Қамыс-Самар-Жаңақала: өткені мен бүгіні» тақырыбымен жас тілшілер арасында аудандық конференция өтті.

janaqala (3)

         Жиында ақын Закария Жүсіпқалиұлының «Қамыс-Самар-Жаңақала: өткені мен бүгіні» атты үш томдық кітабы таныстырылды.

         Аудан әкімінің орынбасары Ж.Нұрғожин болашағынан үлкен үміт күтетін жас тілшілерге сәттілік тіледі. Конференцияда ауданның 14 мектебінен 19 оқушы ғылыми-зерттеу жұмысын қорғады.

         Танымдық шараға кітаптың авторы арнайы қатысып, болашақ журналистер көкейінде жүрген сауалдарын қойды. Ал мектептен тыс жұмыс орталығының директоры Ғазиза Сүлейменова жас қаламгерлерге «Жас тілші» куәлігін, Закария Сисенғали өз қолтаңбасымен кітабын табыс етті.

janaqala (2) janaqala (4)

         Айару Бақытова,

Жаңақала ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram -дағы парашамыздан және Telegram каналымыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале